Біз туралы

Біздің тарихымыз

EASST Академиясы (EASST Academy) EASST жол қауыпсіздігі бойынша қайрымдылық жобасынын бір тәуелзіздік бөлігі болып табылады. EASST Мақсаты – жол қозғалысын қауіпсіз, ынғайлы және болашақ ұрпақ үшін, экономикалық жағынан ақталған қылу.

Біз 2009 жылы жұмыс істей бастадық, содан бері (ҮЕҰ) Шығыс Еуропада, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азияда үкіметтік емес ұйымдардың белсенді желісін құрыдық. Біз өз үлесімізді осы өнірдегі жол қауыпсіздігінін елеулі реформасына қосамыз және  "БҰҰ-ның Онжылдық іс-қимыл бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету" бағдарламасын қолдаймыз.  Біздің бағдарламалар туралы осы жерде көруге болады(ағылшын тілінде).

Жол жүрісі қауіпсіздігін оқыту - бұл біз үшін өте маңызды тақырып. 2013 жылы біз Крэнфилд Университетімен (Ұлыбритания) күш біріктірдік - білім және ғылым, технологиялар және басқару саласында әлемдік жетекші орталықтардын бірі. Біз бірлесіп жолдағы қауіпсіздік жүйелерін басқару бойынша автокөлік парк менеджерлерге пилоттық курс әзірледік.

2016 жылы біз әрі қарай жылжып онлайн-курс құру шешіміне келдік, ол географиялық жағдайы мен табыс деңгейіне қармастан барлығына қол жетімді болады. Сондықтан біз Крэнфилд Университетімен және IRU Академиясымен күш біріктірдік, бұл онлайн-курсты құрып және саланың жетекші мамандарының білімін әрбіріне дейін жеткізу үшін.

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері" онлайн-курсы менеджер және көлік мамандарға автокөлік паркі қауіпсіздігіне тиімді бағдарламасын құруға, қолдауға және бақылауға арналған. Осы курсты интернет арқылы ұсына отырып, біз аудиториялардағы дәрістерге қатынасуға уақыты жоқ адамдарды қамта аламыз. Сонымен қатар, бұл дәстүрлі оқыту бағдарламасынан әлдеқайда арзан. Енді EASST Академиясымен жол жүру қауіпсіздігі саласындағы жетекші сарапшылардан білім алу әлдеқайда оңай және қол жетімді.

Біз сондай-ақ Крэнфилд Университетімен бірлесіп автокөлік паркі қауіпсіздігі бойынша аудиторияларда дәстүрлі оқыту нұсқаларын ұсынамыз. Сондықтан, егер сізді осы тақырып бойынша оқуды жалғастыру қызықтырса, немесе сіз біліміңізді кеңейткініз келсе бізбен хабарласыңыз.